07.03.2022
  103


Автор: Абдрахман Асылбек

Өтеді күндер, өтеді түндер

Өтеді күндер, өтеді түндер,
Өмірге келіп, кетпеген кімдер.
Жайқалып жазда атса да шешек,
Сарғайып күзде солады гүлдер.
Адаммын бірақ қайғыдан жырақ,
Өлімнен қорқып, жатпаймын жылап.
Күндей боп көкте тұрмасам күліп,
Жалыны әлсіз жақпаймын шырақ.
Сол үшін сағат таппаймын тағат,
Келемін жырдың күмбезін қалап.
Өтеді күндер, өтеді түндер,
Қызықтап елім жүрсін деп қарап.





Пікір жазу