07.03.2022
  119


Автор: Абдрахман Асылбек

Хабарсыз кеткеніме

Хабарсыз кеткеніме,
Жүрмісің ұмытты деп.
Шығарсың өкпелі де,
Көңліңе бұлт түнеп.
Алдымда арым таза –
Жерім жоқ кінәлаған.
Жүрегім жалындаса –
Жан ба едің ұнамаған?
Табысып бірінші рет
Шаттықты шақтарыма,
Көздерің күлімсіреп,
Жыр туды ақтарыла.
Десем де жырақтайын,
Сан рет әуреленіп,
Санамда бірақ дәйім
Сен тұрдың сәулеленіп.
От тастап жүрегіме,
Жарасаң жандыруға,
Хақым жоқ бұл өмірде
Сені ұмыт қалдыруға.





Пікір жазу