05.03.2022
  105


Автор: Абдрахман Асылбек

Көзіңді – күлген күн деймін

Көзіңді – күлген күн деймін,
Шашыңды – тұнық түн деймін.
Күніңнен от ап өмірлік,
Жадырап неге күлмеймін?
Беліңді – тартқан сым деймін,
Армансың асыл шын деймін.
Айрықша сұлу тұлғаңнан
Табылмас сірә мін деймін.
Жүрісің – жанға жыр деймін,
Күлесің – күміс үн деймін.
Өзіңді түгіл өзгеден
Көлеңкеңді де күндеймін...





Пікір жазу