05.03.2022
  132


Автор: Абдрахман Асылбек

Жұлдыз

Қараңғыны қақ жарып,
Ақса жұлдыз – ақ жарық,
Көзін тігіп аспанға,
Дейтін әжем тап сонда:
– Әлдекімнің шырағын
Сөнді деп ұқ, шырағым.
Тас қараңғы тұңғиық,
Төбемізде тым биік
Ағып жатыр жұлдыздар,
Мүлгиді тек шың құздар.
Құшағымда бір қыз бар,
Сезілмейді түнгі ызғар.
Әжем айтқан ертегі
Көңіл күйін шертеді.
Қарамаймын аспанға,
Жерде де от бар жас жанға.
Жанды деп ұқ жұлдызым –
Құшағымда гүл-қызым!





Пікір жазу