05.03.2022
  99


Автор: Абдрахман Асылбек

Айрықша белгің өзгеден

Айрықша белгің өзгеден –
Сиқырлы, сұлу көз-берен.
Кереметтігін суреттеп,
Жеткізу қиын сөзбенен.
Айрықша белгің басқадан –
Көздерің мұхит, асқақ ән.
Тереңге тартып талайды,
Тұңғиығына бастаған.
Айрықша белгің наздылық,
Жанымды жайлау, жаз қылып,
Арнамнан асып-тасытсаң,
Қайтейін сені жазғырып.
Айрықша белгің – еркелік,
Қарайсың көзді төңкеріп.
Жалт еткен жанар отыңа
Кетер ме екем өртеніп.





Пікір жазу