05.03.2022
  154


Автор: Абдрахман Асылбек

Көктем, көктем – махаббаттың жаршысы




Көктем, көктем – махаббаттың жаршысы,
Сенде алғаш әнге басып таң құсы.
Сенде алғаш отты еріндер өбісіп,
Сенде алғаш жалын атқан жан күші.
Көктем, көктем – махаббаттың жаршысы,
Жас арудай балқып нұрың шалқышы.
Жадыраған жанарыңмен жарқ етсін
Аңсап күткен аруымның таң түсі.
Көктем, көктем – махаббаттың жаршысы,
Көк төсінде қою бұлт боп қалқышы.
Сағыныштан тамған жастай мөлт етсін
Жауып өткен жаңбырыңның тамшысы.







Пікір жазу