05.03.2022
  120


Автор: Абдрахман Асылбек

Көктемнің жұпар исі ме?

Көктемнің жұпар исі ме?
Қараймын көкке сүйсіне.
Жүрекке жайлы жыр құйып,
Жауып тұр жаңбыр исіне.
Қақырап қарлы көрпесі,
Қарайып қапты жер төсі.
Жылтырап ақты жылғалар –
Еңістің еркін еркесі.
Секілді алып ала гүл,
Сағынып қапты дала бұл.
Сырғыған суды сынаптай
Сіміріп жатыр қана бір.
Көктемнің танып таңбасын,
Біле алмай нанар, нанбасын,
Бәйшешек әлсіз үлбіреп,
Көтерді жерден жанбасын.
Көңілдер қанша күпті екен?
Келіндер қанша жүкті екен?
Көктеммен бірге көктеуді
Өмірлер қанша күтті екен?





Пікір жазу