05.03.2022
114
Он, жігіттер, жігіттер, жалындаған
Он, жігіттер, жігіттер, жалындаған,
Алдарыңда асу жоқ алынбаған.
Көлдің жасыл жайқалған құрағындай,
Қатарларың күн сайын қалыңдаған.
Ой, жігіттер, жігіттер, жалындаған,
Жалаң қылыш жауға да жалынбаған.
Қайда жүрсе қаймықпай қиындықтан,
Атой салып еңбекпен дабылдаған.
Ой, жігіттер, жігіттер, жалындаған
Бауырсыңдар бақытты бәрің маған.
Өздеріңмен өрекпіп өрге шабам,
Өздеріңсіз күнім жоқ дамылдаған.
Ой, жігіттер, жігіттер, жалындаған,
Өмірлерің өзен боп арындаған.
Тартынба деп, семсер боп жарқылда деп,
Асқақ арман артады арым маған.