05.03.2022
130
![](/uploads/shorttexts/author_image/image[2].jpg)
Кейде өзіңе өзің боп үңілесің
Кейде өзіңе өзің боп үңілесің,
Үңілесің – құм болып үгілесің.
Ез боп туған қайсы бір жанды көріп,
Мына тәркі тірліктен түңілесің.
Кейде өзіңе өзің боп үңілесің,
Үңілесің – шындыққа жүгінесің.
Келер күнге сеніммен күле қарап,
Кезек күтіп тұрады мың үлесің.