05.03.2022
  123


Автор: Абдрахман Асылбек

Аралап қыр, атырап

Аралап қыр, атырап,
Шатқал менен аңғарды,
Көл сыр ұқтым бақылап,
Түзде жортқан аңдарды.
Өмір сүрген аралас
Бірісімен бірісі.
Жан ұшырға жағалас –
Кішісі де ірісі.
Әрекеті, әдісі –
Тасалап тас, бұтаны,
Әлсіздерін әлдісі
Аямайды, жұтады...
Ақ жарылып жүрегі,
Тек ізгілік ұялап,
Адамзаттың түлегі
Көрмесе екен қиянат.





Пікір жазу