meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  05.03.2022
  183


Автор: Абдрахман Асылбек

Жақсылыққа барғаның

Жақсылыққа барғаның –
Жалын атып жанғаның.
Жақын тұтып жатты да,
Құшағыңа алғаның.
Жамандыққа барғаның –
Бықсық атып жанғаның.
Жақынды да жаратпай,
Тыжырына қалғаның.
Жаса мейлің адамдық,
Жаса мейлің жамандық, –
Бәрі алдыңнан шығады,
Көңіліңді алаң қып.
Арамдықтан кетілдім,
Адамдықтан жетілдім
Жан біткенге жақсылық
Жасамаққа бекіндім.





Пікір жазу