04.03.2022
  125


Автор: Абдрахман Асылбек

Бір өлең

Кейде ақынды танытады бір өлең,
Кейде ақынды налытады бір өлең.
Кейде ақынның жүрегінен құйылып,
Кейде шықпай арытады бір өлең.
Ақындардың құдірет бар тілінде,
Құдіретін танытады түбінде.
Шын талантын таныр болсаң сен оның,
Жазбай жүрген шағында да түңілме.





Пікір жазу