04.03.2022
251
Әке
Әке – асқар тауымсың
Тиіп тұрған әуесі.
Әке – бақша-бауымсың
Иіп тұрған мәуесі.
Асқар тауым тұрғанда,
Аласару мүмкін бе?
Бақша-бауым тұрғанда,
Жарасады күлкім де.
Әке – жарық күнімсің
Мені әуелде ораған.
Әке – шарық үнімсің
Кең әлемге тараған.
Жарық күнім тұрғанда,
Жайнап өтем жарқылдап.
Шарық үнім тұрғанда,
Сайрап өтем саңқылдап.
Әке – қамқор панамсың
Әлпештеген, баптаған.
Әке – дарқан даламсың
Әр кезде мен мақтанам.
Қамқор панам тұрғанда,
Көргенім жоқ қамығып.
Дарқан далам тұрғанда,
Көргенім жоқ тарығып.