meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  04.03.2022
  193


Автор: Абдрахман Асылбек

Бір ақынды бір ақын

Бір ақынды бір ақын
Қайталаса – өлгені.
Өлмес өмір мұратын
Өз қолымен көмгені.
Өзге түгіл өзіңді
Қайталауға бола ма?
Онда, алтын сөзіңді
Айналдырдың қолаға.
Нағыз ақын жырлайды
Тоқсан толғап, мың бұрап.
Сұлу сөзі сырнайлы
Сайрап тұрар сыңғырап.
Болмақ емес басқаша
Ақын айтқан ишара.
Біреуге ұқсай бастаса,
Барып тұрған бишара.


 





Пікір жазу