meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  04.03.2022
  223


Автор: Абдрахман Асылбек

Тең келмейтін нар, атан

Тең келмейтін нар, атан
Қысымына күшінің,
Жігіттердің жаратам
Мәрмәрдай нық мүсінін.
Жарау аттай жұтынып,
Тартылуы ішінің –
Азаматтың күтініп,
Арттыруы пішімін.
Коспақтанып келуі
Қақпақ жаурын тұсының –
Сыртқа айқын тебуі
Сұлу сымбат түсінің.
Құрметпенен қабыл ал
Кісілігін кісінің.
Еңбегімен танылар
Нәтижесі ісінің.





Пікір жазу