04.03.2022
  429


Автор: Рафаэль Ниязбек

АНАМ МЕНІ КӨКТЕМДЕ ТУҒАН ЕДІ


Жамандықтың жерімнен көбі көшіп,
Күннен-күнге барады көңіл өсіп.
Айдарынан, қайтемін, жел ескенді,
Айдарымнан тұрғанда өмір есіп.
Тығырыққа тағдырым тірелгенде,
Күреңітіп ой кешем күрең белде.
Арпа ішінде бір бидай секілденіп,
Қара тобыр ішінде жүрем мен де.
Ірі мінез жоқ болса іргелі елде,
Қайда барам ішінде жүрмегенде?
Жаяу қалсам,
Қайтемін жүрегімді
Кісінетіп күреңдей мінбегенде.
Баурайында жетіліп Көктөбенің,
Талай дәурен басымнан өткен менің.
Анам мені көктемде туған еді,
Айналсын деп біріне көктеменің.
 Мен туғанда мойынын бұрған шынар,
Намысымды қалғысам бір қамшы





Пікір жазу