03.03.2022
277
Асыл аға
(Туған ағам Әбдіразаққа)
Біреулер мақтады деп тасымаған,
Біреулер даттады деп жасымаған,
Өзгеге шапағаты шашыраған,
Өмірде сирек туған асыл адам –
Өзің ең баға жетпес асыл ағам.
Қырандай көк төсінде қалықтаған,
Қылаудай өсек-аяң дарытпаған,
Пендені ренжітіп налытпаған,
Ешқашан өзге мінез танытпаған,
Өзің ең үнемі бір қалыпты адам.
Жан едің арамдыққа аттамаған,
Жаманды жақтамаған, даттамаған,
Көңліне кірбің сөзді сақтамаған,
Үлгі боп келе жатқан шақта маған,
Қалайша алып кетті Хақ тағалам?
Бұлбұл ең суырылып сайрамаған,
Гүлгүл ең әлі толық жайнамаған.
Көз жұмдың қапылыста, қайран ағам,
Білмеймін, қайдан іздеп, қайда барам?
Өзіңдей асыл аға қайда маған?