03.03.2022
154
Қалқам-ай
Қыздары қазағымның сұлу неткен?
Секілді таңғажайып сұлу көктем.
Келісті келбетімен, қылығымен
Жаныңды жадыратып, жылу төккен.
Мың құбылған тотыдай,
Жанарының отын-ай!
Ондай қыздар өзекті
Өртеп кетер, опыр-ай!
Қалқам-ай.
Қаламқас, құралай көз, ақша маңдай,
Тұлғасы тұнықтағы ақ сазандай.
Тістері – тізіп қойған інжу-маржан,
Теңеу бар тең келетін басқа қандай?
Мың құбылған тотыдай,
Жанарының отын-ай!
Ондай қыздар өзекті
Өртеп кетер, опыр-ай!
Қалқам-ай.