03.03.2022
204
Айлы түнде
Ауыл-аймақ тәтті ұйқыға батса да,
Әнге қосып талдар сыбдыр қақса да,
Қыз бен жігіт қол ұстасып әлі жүр,
Айлы түннің аясында бақшада.
Аспан айлы, алтын нұрлы, арайлы,
Маужыратты мүлгіп тұрған маңайды.
Қыз бен жігіт бақшасында бақыттың,
Бір-біріне күлімсірей қарайды.
Ақырындап албыраса айнала,
Сөз байласып, көңілдері жайлана,
Қыз бен жігіт қыдырады ұзақ таң,
Сырларына серік болып ай ғана.