03.03.2022
127
Сен жатырсың құшағында ұйқының
Сен жатырсың құшағында ұйқының,
Мен отырмын қарауылдап үй түнін.
Тамылжыған тыныштықты тілгілеп,
Көңілімде көрмейді бір күй тыным.
Сен жатырсың бал ұйқыда балбырап,
Мен отырмын түн күзетіп, ән құрап.
Өріледі өрімдей бір өлең боп,
Саған деген сәтті жолдар жарқырап.
Сен жатырсың жамылып түн пердесін,
Мен отырмын басып күйдің пернесін.
Сенің сол бір уылжығын ұйқыңды
Деймін дәйім бөтен ойлар бөлмесін,
Тәтті әуендер тербесін.