03.03.2022
155
Өмірде алғаш көріскен кісім
Өмірде алғаш көріскен кісім,
Керемет келбет, келіскен мүсін.
Тәңірдің бере салғаны маған –
Аспаннан түскен періштембісің?
Қоңырау үнді күлісің күмбір,
Балауса бұлақ, жүрісің сыңғыр.
Манаурап тұлғаң, алаулап қырдан,
Еліктей ерке тұрысың шың бір.
Тәңірім сұлу жаратқан екен,
Тәніңе нұрын таратқан екен.
Көргеннен құлай, беріле сүйіп,
Көзімді алмай қаратқан екен.
Бойымда бір ток жүргендей болды,
Ойымды бір леп түргендей болды.
Махаббат оты екенін қандай
Өзіңнен ғана білгендей болдым.