03.03.2022
176
Махаббат деген
Махаббат деген ару ма?
Аруға таман бару ма?
Ақылға, сөзге көнбесе,
Зорлықпен жұмсар қару ма?
Махаббат деген тану ма?
Өртеніп, күйіп, жану ма?
Әлде бір пері қолында
Тұзаққа түсіп қалу ма?
Махаббат – басыбайлық па?
Байланып қалған байлыққа?
Біреуге біреу кіріптар,
Көңіл ме әлде шайлықпа?
Махаббат мұның бірі емес,
Сұлулық деген пір емес.
Өртеніп, күйіп, лапылдау –
Селт етпе сәттік бір елес.
Махаббат – сезім мәңгілік,
Мызғымас берік заңдылық.
Адамға деген адалдық,
Суымас ыстық қандылық.