03.03.2022
  164


Автор: Абдрахман Асылбек

Егерде тағдыр күшімен

Егерде тағдыр күшімен
Бөліске түссе бар әлем,
Аралап жүріп ішінен
Өзіңді таңдап алар ем.
Сусырап егер шөлдесең,
Өзенің болып ағар ем.
Арманым жалғыз сол десең,
Айды да барып алар ем.
Күте тұр десең төзіммен,
Тас болып қатып қалар ем.
Бір ауыз жылы сөзіңнен
Мәңгілік бақыт табар ем.





Пікір жазу