03.03.2022
147
Құдайым сені ғажап мүсіндеген
Құдайым сені ғажап мүсіндеген,
Оны ешкім менен артық түсінбеген.
Қадалып біреу саған қарай қалса,
Өң түгіл қызғанамын түсімде мен.
Бір сәтке меніменен ісің болмай,
Тілдессең әлдекіммен, түсім қалмай,
Өртеніп кете жаздап қызғаныштан,
Тәңірден деп тілеймін: «түсім болғай».