03.03.2022
262
Қызғаныш
Мен сені қызғанамын досымнан да,
Еріксіз қысыламын осымнан да.
Бұл менің ынтызарлық назым ғана,
Күніміз не болады қосылғанда?
Мен сені қызғанамын қасымнан да,
Өзіңнен маған қымбат асыл бар ма?
Бұл менің ынтызарлық назым ғана,
Күніміз не болады қосылғанда?
Мен сені қызғанамын масылдан да,
Парықсыз, берекесіз тасырдан да.
Қаншама сүйдім-күйдім деген жандар
Бағаңды менен артық асырған ба?