03.03.2022
154
Ақ пейіл аңқылдаған адамдар-ай
Ақ пейіл аңқылдаған адамдар-ай,
Бір табан жақындаңдар маған қарай.
Ұғыңдар пенделіктің салқыны деп,
Өткізсем ойсыз күндер алаңдамай.
Өмірде бар қызығым өздеріңмен,
Сендерсіз бақытымды табам қалай?
Жанары арулардың нұр жанғанда,
Тек қарап тұра алмаймын бұл жалғанда.
Қалайша елтімейін жұпар жұтып,
Қызғалдақ қыр төсінде гүл жарғанда.
Өкінсем өкінемін кей құрбыма,
Қызықтан осыншама құр қалғанда.