03.03.2022
  164


Автор: Абдрахман Асылбек

Бар қызығым өзіңмен

Бар қуаныш, бар қызығым өзіңмен.
Таса қылғым келмейді еш көзімнен.
От жанарың жүрегімді жаралап,
Тұнық түнім болды ма әсте көз ілген?
Қиын екен ауса адамның аңсары,
Кірпік қақпай атты талай таң сәрі.
Бұл – бақыттың бастамасы тек қана,
Келер күннің көрсетері қанша әлі?
Жүрсем-дағы қай шетінде өмірдің,
Сен тұрасың ай шетінде көңілдің.
Аймалаған алтын күндей әлемді,
Келеді тек саған нұр боп төгілгім.





Пікір жазу