03.03.2022
200
Сүйікті жан сәулем
Көрікті күндері көктемнің
Сан кешті өзіңсіз өткердім.
Жабығып, жалғыздық көп көрдім,
Сүйікті жан сәулем, кел, менің.
Болса да тым көп-ақ мөлдір көз,
Сен жаққан жалынды сол бір кеш,
Жүректен ешбір жан сөндірмес,
Сүйікті жан сәулем, кел, менің,
Бір оқып, бір жерде болайық,
Білекті білекке орайық,
Барады сағыныш молайып,
Сүйікті жан сәулем, кел, менің.