03.03.2022
  141


Автор: Абдрахман Асылбек

Қызғаныш деген көк төбет

Қызғаныш деген көк төбет
Ішіңе кіріп ұлиды, ә!?
Жүректі бөлсе төрт бөлек,
Көңілің, сірә, жыли ма?
Қызғаныш деген көк төбет
Ішіңе кіріп ұлиды, ә!?
Арыңмен қалып жекпе-жек,
Іздейсің ізгі бір ила.
Қызғаныш деген көк төбет
Ішіңе кіріп ұлиды, ә!?
Жарыңа біраз өкпелеп,
Күтесің қайта шын иба.





Пікір жазу