03.03.2022
249
![](/uploads/shorttexts/author_image/image[2].jpg)
Маған деген мейірім ықыластан
Маған деген мейірім ықыластан
Төңкеріліп төніп тұр бүкіл аспан.
Сергек сезім селт етіп оянады,
Суретіңнен селдір көк сілті басқан.
Өздігінен оралып мол бір өлең,
Ойларымды оқиды, тоқиды аспан,
Сүйіктімнің көзі боп мөлдіреген.