03.03.2022
  147


Автор: Абдрахман Асылбек

Сен келдің де бағыма

Сен келдің де бағыма,
Туған айдай жарқ еттің.
Жарқ еттің де, жаныма
Сарқылмайтын нәр септің.
Бал-бұл жанып дидарың,
Таң нұрымен таласты.
Қара көйлек қималы
Ақ тәніңе жарасты.
Тұрды төмен төгіліп,
Білектейін бұрымың.
Бұрымыңа көміліп
Бара жатты ғұмырым.


 





Пікір жазу