03.03.2022
158
Қала көрдім, дала көрдім
Қала көрдім, дала көрдім,
Бұрын жүріп, баспаған.
Сен жадымда қала бердің,
Арманым боп аспаған
Орман көрдім, тоғай көрдім,
Мол қызыққа бастаған.
Ойымды сен орай бердің,
Жақын тартып басқадан.
Сан алуан сұлу көрдім
Төңкере көз тастаған.
Арулары рулы елдің
Жетпейді екен тап саған.
Өмірге еркін кіре бердім
Сырын еркін ашпаған.
Жүрегімде жүре бердің –
Тамылжытып асқақ ән.