03.03.2022
  202


Автор: Абдрахман Асылбек

Талантсыз топтарға

Бірін-бірі қолдағандар,
Бірін-бірі қорғағандар,
Абыройлы, ар-намысты
Адал жанды қорламаңдар.
Бірін-бірі тірегендер,
Бірін-бірі шірегендер,
Азаматтың абайсызда
Сүрінгенін тілемеңдер.
Бірін-бірі мақтағандар,
Бірін-бірі жақтағандар,
Таланттыға тас лақтырып,
Адамдықтан аттамаңдар.
Бірін-бірі Күн дегендер,
Бірін-бірі шың дегендер,
Таныр болсаң таланттыны,
Тілдемеңдер, күндемеңдер.
Талант жолын мүк баспайды,
Ғасырларға тік бастайды.
Ей, талантсыз бейшаралар,
Күңкілдерің түкке аспайды.
Мұқағали өлген емес,
Мәңгілікке өлмек емес.
Хан Тәңірді көк тіреген,
Бұлт шалып көрген емес.


 





Пікір жазу