03.03.2022
  193


Автор: Абдрахман Асылбек

Бәйтерек баба Бәйдібек

Әнін жазған Сәкен Сиқымбай

Бәйдібектей батыр баба – белді ұлы,
Үйсін елі баяғыдан белгілі.
Алатау мен Қаратауды жайлаған,
Кереметтей көз жеткісіз кеңдігі.
Бабамды ел бәйтерекке балаған,
Марау, Зеріп, Нұриладай анадан:
Сарыүйсін, Шапырашты, Ошақты,
Ысты, Албан, Суан, Дулат тараған.

Қайырмасы:
Батыр баба Бәйдібек,
Ер боп туған жаужүрек.
Бақтиярлап жауды қайтарған
Бәйтерек баба Бәйдібек!

Балаларын батырлыққа баптаған,
Бәйдібекті байтақ елі мақтаған.
Айбыны мен адалдығын ту етіп,
Бәйдібек ер ел бірлігін сақтаған..

Қайырмасы.





Пікір жазу