Қоштасу
Автоға келдім,
Соңғы ақшамды ұсатып,
-Марсельге қашан? –
Бар сәулеті көз тартып,
Жүйткіді Париж
Жолға мені ұзатып.
Көзіме басып,
Қоштасайын құмартып.
Күйінсін жаным
Сентименталдық орнаса.
Парижда мен
Тұрар едім,өлер де едім,
Егер
Москва
деген бір жер болмаса.
Аламыз жаңа
винтовка
Аламыз жаңа винтовка,
Жалаулар тағып штыкке!
Даярлар мерген
Кружокқа
Барамыз әнмен біз тіке.
Бір!
Екі!
Қатарға!
Отряд,
Бас алға!
Бораса соғыс бір кезде
Келсе тағы түнеріп,
Нысанаға дәл көздеп
Мылтық ата білелік.
Адымда
Нығырақ!
Дәл көзде,
Мылтық ат!
Күн туса елім ағылтар
Армиясын майданға,-
Боламыз біздер санитар
Жорықтар қанат жайғанда.
Оқ тисе
Орманда,
Сақтаймыз біз сонда.
Үнсіз,шусыз
жау барлап,
Дыбыссыз аяқ басамыз;
Жас томарды аралап
Жау ұясын ашамыз.
Еңбектеп
Күндіз де;
Болсын
Түн бізге.
Жарқылдап жаңа винтовка
Жалтылдайд жалау штыкте:
Даярлар мерген кружокқа
Барамыз әнмен біз тіке.
Бір!
Екі!
Қатарға!
Отряд,
Бас алға!