03.03.2022
177
«Тұрсам да Украинада,не жат жерде»
Тұрсам да Украинада,не жат жерде,
Әйтеуір бір сүйретілген бір өмір ғой.
Еске алар,не ұмытар мені пенде,
Қалсам да қар астында,бәрі бір ғой.
Ержеттім еріксіз боп жат ортада,
Бақыты ашылмаған бір сормаңдай,
Жылармын,өлермін мен жан
Қапада,
Барымды әкетемін дым қалдырмай;
Еріксіз жат жайлаған туған елім,-
Сүйікті Украинада ізім қалмас,
Ата-баба ұмытып қайран елін,
Ең болмаса бір мезет есіне алмас.
Әкесі айтпас,қасына ап жалғыз ұлын:
«Украинаң үшін бір жалбарын»деп,
Мүмкін айтса,-баласы алмас тілін,
Бәрібір ғой неғылам оны елеп.
Бірақ мына адамның айуандары
Ұрлап,қорлап елімді көрнеу өртеп,
Жүргенінде оятар Украинаны,
Сонда бірақ айтпаспын бәрі бір деп.