03.03.2022
  143


Автор: Қасым Аманжолов

Таңертеңгі саяхат

«Неткен ғажап астана,-
Көңілді біздің Петербург!»
(Лакейлер жыры)
І
Қойды-ау бір атып-атып,тәуба құдай!
Түнімен дөңбекшідік біз ұйықтамай,
Жоқ шығар бұл қалада көз ілген жан,
Зіркілдеп зеңбірегі,атты-ау тынбай.
Астана!Түгел тұрып жылап хаққа,
Неваның тасқынынан сасқан шақта.
Ұйықтайтын дәрмен бар ма!Өтті қатер,
Тартылып барады су арна жаққа.
Басталып келе жатыр жексұрын күн,
Лас,күңгірт,желді,дымқыл,оқта-соқта.
Ах,біз бе дүниеге күле қарар!
Төгілген күңгірт шырмау емес тарар,
Тұрады терезеңнен жас сорғалап,
Ашылмай дымқыл тұман,жаңбыр мен қар!
Бойыңды жаздырмайды,қорланасың,
Ыршып кете жаздайды көзден жасың...
Құрысын,кетейінші көше кезіп...
Кеттім мен.Көрдім»қызық»,не қыласың!
Үстінде Исаакиев көпірінің,
(Шығарып әлде кімнің жаназасын.)
Жай жүзіп бара жатты қара табыт,
Қоршаған еш пенде жоқ айналасын.
Поп та жоқ,жақын да жоқ,ерген қоршап,
Жабылған оқа да жоқ зерлі шашақ,
Табыттың қақпағына сарт-сұрт тиіп,
Сабалап келе жатыр жауған бұршақ.
Қолында арбакештің ұзын бишік,
Көтерем ат жонына тиед шып-шып,
Осылай арқа жоны ақтаңдақ боп,
Жануар әлін жиып,түседі ыршып.
Үстінде жұмсақ арба бір офицер,
(Офицер деген неме қандай есер),
Жүйткітіп келе жатты айқай салып,
Арнайы табыт салған өтті қағып.
Қақпағы кетті ұшып анадай жер,
Арбадан төңкеріле түсті табыт.
«Ойбай-ай,бауырым-ай,бауырым-ай!
Тірлікте қор етіп ед сені құдай,
Қу тағдыр аямады-ау өлгенде де...
Кеше сен өртте қалдың,о,сормаңдай!
Бір сайтан қағып өтті енді бүгін!
О,Макар,шын бишара едің қандай!
Сүйегі тұрған үйі кетті өртеніп.
Кетіпті жұрт ұмытып,тек мен көріп,
Табытын аман сақтап алып қалдым.
Көрдің бе қырсығуын енді келіп!
Жазмышта мол екен ғой мұның соры...
Құдай-ай,шығып кетті-ау мына қолы...
Деп әуре болып жатты жалғыз кемпір.
Жалпылдап желмен ойнап жыртық тоны,
Киіпті аяғына ер етігін,
Білетін жан сияқты өлік тілін,
Үнінде өкініштің белгісі жоқ,
-Қарашы,жер жоқтай-ақ жүретұғын,
Құлатып кете барды жынды неме!-
Дейді ол.Мен келдім де,дедім: «Бұл кім?»
-Кім болсын.Чиновник те.Бір кездерде,
Істепті департамент дегендерде.
-Жайлаған емін-еркін Петербургті!
Әйелін жоғалтыпты тасқын селде,
Өтіпті өмір-бақи көшіп-қонып,
Шыдапты он төрт рет өртенгенде.
Бас еркін құрбан етіп қызмет еткен!
Кеңседе отырумен күндері өткен.
Мейрамда бастықтарға жағынам деп,
Жүгіріп,аяғы да күс боп кеткен.
Ақыры ауырды бұл суық тиіп,
Шақырыпты қарындасын қиыр шеттен,
Бірақ та жібермеді оған ақша,
Келмеді қарындасы сол себептен.
«Ақыры жалғыз жатып болдым өлер,
Бір пенде табылар ма мені көмер?
Сен көмші,ең болмаса».деді маған.
Шошисың ышқынғанда,пәруардигер!
-Беріп кет етігіңді,-дедім,-маған,
Ашылмас,бұл жаңбырдың беті жаман,
Әйтеуір өлесің ғой,көмейін менБейітке жалаң аяқ қалай барам?
Басын бір изеді де,сөз айта алмай,
Мол кетті,сол кеткеннен,бір қайрылмай.
«Сен тіпті аямаған сықылдысың»
Аяу ма.Күйім бар ма аяғандай?
Мәселе аяуда емес,жерлеуде тұр.
Күн мынау,зират құрғыр алыс жатыр.
Жарлы жан тірлігінде жарымаған,
Өлген соң болады екен тапа-тақыр.
Сатулы табыты да,қабыры да,
Наны да,шырағы да,сақта құда.
Осы бір тым көңілсіз сырды шертіп,
Жай басып зиратқа да келдік жетіп,
Өлікті ап кең есіктен біз енгенде
Жұрт тұрды шіркеу ішін күңірентіп.
Тар шіркеу жұртқа толған тұншықтырып,
Зиратқа саяхаттап кеттім жүріп,
Іздедім белгісі жоқ бір қабырды,
Қойнында бір ұлы күш жатқан тынып.
Үш рет орағыттым,-таба алмадым.
Келдім де,күзетшіден жөн сұрадым.
Досымның аты-жөнін,лауазымын
Сұрады ол бес қайтара-мен шыдадым.
Күзетші жауап берді: «Білмедім»деп,
«Ал егер көрем десем өзің іздеп,-
Баста да мына шеттен аралай бер,
Айтайын белгілерін болсаң білмек:
Басында кіреші бар болса егер,-
Ол жатқан не бір мещан,не офицер,
Ал егер құлпытасы болса үлкенОл жатқан чиновниктің бірі дей бер.
Крес те,құлпытас та бұйырмаса,-
Не әлгі ақындарың,не кедейлер».
Күзетшім,мың рақмет сізге,дедім,
Ол күні қабырды мен іздемедім.
Жаңағы кемпірімді тауып алып,
Өлікті жерлеу болды бар қызметім.
Күн тұрды бұрынғыша іріп-шіріп,
Денеңді жауған жаңбыр түршіктіріп,
Өліктер дүниесінде келе жаттық.
Кез келген қабырға кеп бір сүрініп.
Алдымыз жатқан батпақ басқан тұман,
Көзіңді,көңіліңді жасқандырған,
Үй түгіл өсімдік жоқ,бір өлі жер,
Тек қана ызың қағып жел ұлыған.
Әнеки көрінеді жалғыз ноқат:
Жаңағы күзетші ғой күтіп тұрған,
«Тездет»деп бұйрық бере айқайлайды,
Солқылдақ көпір сапты сырғауылдан,-
Қалтылдап сол көпірден өттік зорға,
Өлікті алып жеттік қазулы орға.
Қабырға құйылған су лай-батпақ
Келіпті белуардан,біздің сорға!
Амал не,табыт кетті сүңгіп суға,
Батпақпен бастыруға келді тура.
Тағдырдың мазағына назаланып,
Тәңірмен кемпірбайғұс ұрсысуда.
Бишара,көрдің-ау сен не сойқаңды!
Сұм тағдыр тонамаған несі қалды?
Құдай да бір қинаса қатал екен,
Кеше өрт,бүгін суға тағы салды.
Кемпірдің көзім түсті келбетіне,
Жүзінде тұрған тұнып қасіретіне,
Үн-түнсіз ишарамен басымды иіп,
Қоштасып,кете бардым өз бетіме.
Ризамын,көшеге мен бос шықпаппын,
Бой жаздым, «тым көңілді»ермек таптым,
Зираттың сахнасынан көрдім концертӨмірі дайындаған адамзаттың.





Пікір жазу