03.03.2022
169

Қанжар
Серігім әрі жарқын,әрі ызғарлы,
Сүйемін асыл болат бұл қанжарды;
Кекке арнап ойшыл грузин соққан сені,
Қайраған еркін черкес бір қаһарлы.
Сыйлаған сені маған бір сал білек,
Қоштасып аттанарда ал белгі,деп.
Қан емес,алғаш сенен сорғалағанМаржаны қасіреттің-жас мөлтілдеп.
Қара көз қайғы толы жасы іркілген
Кезінде көкірегіме тік үңілген,-
Жүзіңдей сенің асыл от шалынған
Бір сөніп нұр сәулесі,бір тірілген.
Белгісі ең махаббаттың маған серік,
Ілестің жолаушыға,үлгі беріп,
Айнымас жаным менің,болат достым,
Өзіңдей,дәл өзәңдей болар берік.