03.03.2022
  155


Автор: Қасым Аманжолов

Тұтқын

Ашыңдаршы тар қапасты,
Көрсет күнді,соқсын жел.
Қара көзді қарындасты,
Қара жалды атты әкел!
Жас сұлуды сүйейін де,
Құмарта бір құшайын,
Ырғып атқа мінейін де,
Қырға жел боп ұшайын.
Түрме есігі құлыптаулы,
Терезесі тым биік:
Алыс жатыр қыздың аулы
Үлде киген,гүл сүйіп.
Жасыл дала,жүгенсіз ат,
Жүр жайылып еркімен;
Ортқып ойнап,тауып рақат,
Құйрығын жел желпіген,
Жұбаныш жоқ жалғызбын мен,
Жан-жағым жар,сыз бен шаң,
Сәулесінен күдер үзген
Өлеусіреп жанған шам.
Есік сыртын естіп анық,
Отырмын мен,түн іші;
Ерсіл-қарсыл басады нық
Тілге келмес торушы.





Пікір жазу