Поэмалар ✍️
Алтын қыстақ
Мирсаид Миршакар
Поэма
Алтын қыстақ
Меймандос,әрі әзілқой қарияның
Үйінде бір күн қонып,таттым дәмін.
-Памирде туып,өстім,-деп бастады ол,
Жазып ап,жыр еттім мен айтқандарын.
-Осы бір хикаяны көп жатталған
Жасымда айтқан еді әкем маған,
Естіпті әкем оны атамыздан,
Атама айтса керек арғы бабам,
Әйтеуір бір қыстақты мекендеген
Бір пенде дүниеден кетем деген,
Шақырып көршілерін,кешу сұрап,
Бір сырын баяндапты шертілмеген:
«Айтайын,тыңдаңыздар,ағайындар,
Сона бір жігіт кезде қайратым бар,
Аң аулап жүргенімде бір бұғыны
Қудым кеп,тарқағанша шіркін құмар.
Соқтырды бұғы мені тауға-тасқа,
Еш айла болмады енді шаршамасқа,
Тәулікке тыным алмай,талып,шөлдеп,
Жығылдым тұлабойым қақсамас па,
Мол жатып сол жатқаннан,көзімді ашсам:
Тұр жайнап айнала тау,ашық аспан,
Күмістей қар жамылған құзар шыңнан
Ғажайып өзен көрдім қайнап-тасқан.
Өмірі көрген емен ондай суды!
Жүгірдім аңқам кеуіп,құмартулы;
Жеттім де,жата қалып жұта бердім,
Басымды тасқынымен өзен жуды.
Қарасам,келеді бір жүзіп алма,
Дәл ондай алма өспейтін біздің маңда:
Қызығып қарай бердім,аң-таң қалып,
Ойнатып төңкерілтіп алақанда!
Көп тұрдым,көп ойландам,ұға алмадым,
Сырына түсінбедім бұл алманың.
«Өмірден,тіршіліктен жатқан аулақ
Қар мен мұз жамылған құз-барлық маңын,-
Сен қалай болдың пайда,қызыл алма,
Шырынды,шырайлы-ақсың қарағанда,
Әлде бір қыстақ бар ма осы маңда?
Кім қыстақ салушы еді мұз бен қарға !»
Ғажайып түс көргендей қалдым жатып...
Қоймады мені еркіме,таңырқатып;
«Іздейін не болса да»деген оймен,
Жөнелдім орынымнан,тұрдым да атып,
Қалайша екенін де өзім білмен,
Құлпырған сансыз гүлге кез келдім мен,
Тас емес,тұрдым ұстап мына қолмен
Кәдімгі қызыл гүлді нұр төгілген.
Алдымнан әлдеқандай шықты адамдар,
Біздердей емес сорлы,бақытты олар!
Қыспен жаз,тас пен судың тілін білген,
Бір солар не тілесе-бәрі болар,
«Япыр-ай,неткен ғажап бұл адамдар!-
Деп менің сол арада айтқаным бар,
Не асыл меруерт,маржан дегеніңді
Өтеді құмша басып ондағылар!
Алтыннан жасай берген ыдыс-аяқ,
Ұстайды алтыныңды құндамай-ақ,
Еркінше ойнайды екен балалары,
Жасынан көрмей қағу,жемей таяқ.
Айнала шәкірттері қоршалаған
Қайратты,қуанышты не шал адам!..
Араздық дегеніңді білмейді олар,
«Бер»десе-екіншіс «алшылаған!
Біріне-бірі бауыр,тату-тәтті.
Әйелі еркін екен ер сымбатты,
Еңбектен қашпайды екен бірде-бірі,
Еңбексіз татпайды екен бал-шарбатты,
Еңбексіз жүрсе-жаны шөлдейді екен,
Сондықтан еш жоқшылық көрмейді екен.
Диқандар!Міне,осындай жұмақ көрдім,
Сендерге сырымды айттым,көрмей бөтен.
Жер емес,жұмақ заңы емес пе бұл:
Адамы болмайды еш қартыққа құл;
Қысы мен жазы бірдей,айырма жоқ,
Береке,бақыт сеуіп өтеді жыл.
Шетінен бәрі жомарт,сараңы жоқ,
Ақылды,ақымақ бір адамы жоқ,
Сарғаймас жапырағы май айындай,
Бәрі шат қасіреттен алаңы жоқ.
О,жарлы диқандарым!Көрдім пейіш.
Көп күнәм болса керек кеудем кейіс;
Екінші таба алмадым сол өзенді.
Жаңылдым жолынан да,көргендей түс,
Ұмыта қойған жоқпын,есімде айқын,
Сол жерді Алтын қыстақ деп атайтын,
Татқанмын пейіш дәмін,диқандарым,
Отырып дастарқанға ортаймайтын.
Бал мен май,қант пенен шай,алуан тағам,
Есімде,сол адамдар тартқан маған:
«Қайғысыз,михнатсыз,бізбен бірге
Тұра бер!»-деп сол қауым айтқан маған,
«Жоқ ешбір рақаты,күн көрері,
Еліңнің берекесіз не керегі,
Қорлыққа қайта оралып не қыласың,
Ұмыт сен,үйіңді де!»-деген еді.
Берермін нендей жауап,мен не дермін...
Тұқырып көздің жасын төге бердім.
Ақыры,шынымды айттым «Абзал жандар,
Бақытты,азатсыздар!Құрмет көрдім;
Қайтейін,қала алмаймын,амал бар ма,
Сорлы әкем күтіп отыр мені анда.
Қайғысы,қасіреті мойынымда,
Қайырсыз туған жерде аһ ұрсам да.
Талдырмаш жас шыбықтай бекімеген
Жүр аңсап балаларым жетілмеген,
Қайғы өртеп,зәбір көріп жүре ала ма,
Сөз естіп әркімдерден «жетім»деген
Ол қауым бұл сөзіме қалды налып,
Тұп-тұнық тыныштығы лайланып;
Күрсіне көкірегіме қарап бірі,
Көзімді орамалмен қойды таңып;
«Тұтқында емессің сен,үйіңе бар,
Күтеміз үй ішіңмен,оны да аңғар,
Кетерсің қонақ болып,туыстасып,
Жолыңды болсаң егер қайта табар.
Бұл жерді мекендейміз біз жасырын,
Ашпаймыз жолдың бетін,жөннің сырын,
Өзің тап бұл мекенге келер жолды,
Жол болсын!Өкпелетсек ет кешірім!
Жолсызбен жөней тартып жеттім елге...
Жарқ етті жаман үйім мен келгенде.
Пейішке алыстағы үй ішімді
Әкетпек болып түстім сергелдеңге:
Көтере алармыз ба жол азабын,
Бір тәңір арқалатса мол азабын,
Не суық,не бір пәле алдан шығып
Қайтерміз бұл сапарда болсақ жазым?
Өзенге кетпес пе екен жартас құлап,
Құз көпір опырылып,түссек сұлап;
Жартастан жазатайым жалт құласақ,
Жас балаң,бүркіт бүріп,жатса жылап?
Бола ма жеткілікті жол азығың,
Қала ма әлде жолда жиған жүгің?
Күдікпен,күйінумен өтті өмірім.,.
Кіреуке басты көзді енді бүгін.
Жарлы боп сүрдім өмір,жарлы өлемін,
Екен ғой бақытсыздық бар көрерім;
Балам да,немерем де-бәрі жарлы,
Алыссың,шіркін бақыт,күңіренемін...
Қайдасың,Алтын Қыстақ,уа,дариға!
Қайдасың,асау өзен,жалы бұйра »-
Осыны айтты да ол дүние салды,
Қалды орнап көкіректе бұл уақиға
Арманы сөнді жанған біраз лаулап,
Дірілдеп ыстық жасы түсті аунап...
...Сол бір жер нұрлы көктем,саршатамыз,
Пейіштей пендесіне болған нағыз,
Сол кезден «көкей кесті»күйдей тарап,
Памирдің елдеріне болған аңыз.
Ежелден аш-жалаңаш Памир халқы,
Халімен қайыршылық шыққан даңқы;
Қиялсыз тұра ала ма адам тегі,
Сол жерді аңыз ету болған салты;
Ақындар жырға қосқан тамылжытып,
Әншілер көңілді ашқан жабырқаңқы.
Дауылды,борасынды,көк нөсерлі
Жол кешіп,табамыз деп сол бір жерді,
Үзілген талай қыршын ізсіз-түзсіз.
Адасып тау ішінде әрлі-берлі...
Біреуден артық та емес,кем де емес,
Жасымда жігіт болдым жеме-жемдес;
Есейе келген сайын тұйықтандым,
Тастаққа ектім егін өнім өнбес.
Білмедім Алтын қыстақ жолы қайда,
Я жақын,я алыстан ұшырайма...
Бар еді бір қайратты туысқаным,
Сөз қаттым соған келіп бір ұдайда:
«Бауырым,құрысын бұл иттік өмір!
Шірітті жейдемді де тер менен кір,
Лашығың сенің дағы бітті тозып,
Үстінен жартас төніп басқалы тұр.
Бір уыс арпа екен егініміз...
Келмесе бұл арада босқа өлгіміз,
Тілімді ал,тез кетелік осы жерден,
«Ізделік сол бір Алтын Қыстақты біз!»
«Мен дайын»,-деп салды ол бөгелместен,
Қосылды он шақты адам жер-жерлестен;
Бөлініп әр тарапқа жол іздеймізКелістік осылайша бір кеңеспен,
Алдынан кімде-кімнің шықса бақыт,
Хабарын берсін деп ол-болдық шешкен...
Шарафжан дейтін менің жалғыз ұлым
Көз жасын төге берді таппай тыным,
Жылады түні бойы әйелім де,
Сертім бар алған жерден қайтпайтұғын.
Табарсың астық қайдан,шықпаса егін,
Азыққа алдым қышқыл ривож шөбін;
О дағы жолаушыға нәр болатын,
Осындай шықтық жолға тауып ебін.
Түтігіп қап-қара боп,тозаң жұтып,
Сан елдің соқпағы мен жолын ұтып,
Барыппыз Балхыға да Ирандатып...
Тянь-Шаньнің жайлауларын орағытып.
Герируд өзенінде барыс аңдып,
Құтылып одан дағы,кеттік қаңғып.
Байларға жалдандық та,мал да бақтық,
Кейде орып мак сабағын,үсті шаң ғып.
Жамылып қысы-жазы жыртық шапан,
Отырсақ шайханада алқа-қотан,
Танау шаң,сақалымыз киіздей боп,
Дервиштей шаһар кездік,болып аң-таң.
Жолымыз көбінесе тау арасы,
Табанды қызыл-жоса тілген тасы,
Алайда,былай жүріп көргеніміз-
Болды тек қасірет-қайғы,көздің жасы.
Кездесер қайыршылық қайда барсаң,
Қу өмір берекесіз,әуре-сарсаң.
Жас едік кеткенде біз елімізден,
Қайратты ек қажымастай тасқа салсаң,
Қартайдық қалжырадық,амал қанша,
Таппадық сол бір жерді,жортып аңша.
Қас тағдыр қабағымды аштырмаған,
Жаралап,күні бар ма басқа ұрмаған,
Көзіне жасы толып қоштасарда,
Жақыным аштан өлді,қалдым қараң,
Көз жұмып қалды ол жатып мұзды шыңда,
Дірілдеп сөнді менің жұлдызым да...
Құр сүлде қала бердім,қаусағандай,
Таусылып тынысым да,ырзығым да.
Сәбидей қалт-құлт басып қалыппын мен,
Жынданып естен-түстен таныппын мен...
Күндердің күнінде бір әлдеқалай
Туған жер,мекенді еске алыппын мен.
Қырқысып сан қырсықпен,еңбек еткен,
Қорек қып,көже істеген қышқыл шөптен.
Жарлы жар,жалғыз ұлдың көлеңкесі
Көзіме елестейді,көрмей көптен,
Төселген құрым киіз,қайран лашық,
Тұратын бір бұрышта ескі кетпен!...
Бірақ мен таба алмадым қайтар жолды,
Түстім де сергелдеңге болдым сорлы.
Адамнан аулақ қашып,үңгірге ендім,
Құрысып аш құзғындай,тәнім солды.
Үрпиіп,үрейленіп мен қаңғыған
Шыңдарға адам түгіл,шықпайтын аң;
Жаңылдым жылдың дағы есебінен,
Күннің не екендігі маған тұман.
Сарғайып,бас айналып,өзек тартып.
Қайратты бойымдағы болдым сарқып,
Жаттым мен жапырақтай солып,семіп,
Үзіліп түскен жерге,күн қуартып...
Ызғарлы тыныш түнде шошып түстен
Ояндым,зілдей бәле басып үстен,
Қалтырап зорға тұрып орынымнан,
Кетіппін сүйретіліп қалған күшпен.
Шыңғырып жібердім мен,улы жылан
Шыққандай,көзден кіріп құлағымнан!..
...Алтын ба,алмас па әлде мың құбылған,
Шырын ба,нұр ма әлде шалқып тұрған,
Жартастан жарқ етті бір ғажап дүние,
Жарысып сансыз сәуле көз тұндырған.
«Мінеки,Алтын қыстақ!»-деп айқайлап,
Құлшынып қарай бердім көзім жайнап;
Сұйылып қараңғылық,таң да атты,
Қайырлы жолға түсіп,бастым жайлап.
Сыңқылдап бұйра бұлақ сыр шертеді,
Есіме түскендей-ақ бір ертегі,
Бұлақтың тілін ұғар мұршам бар ма,
Аруақпын жалба-жұлба екі етегі.
Айналам атлас кілем неше алуан,
Гүл екен,кілем емес,шалқып тұрған,
Көрінді одан әрі егін-жайлар,
Ақ мақта ақша бұлттай аударылған.
Еркелеп еседі жел шаң шығармай,
Әуелей өскен ағаш дәл шынардай,
Қаз-қатар тізілген үй су бойында,
Қарасаң сәулетіне көз тұнардай,
Жайнаған қызыл шоқтай жемістері,
Жайқалтып бақша өсірген үй құр қалмай.
Сумбулдың иісінен маужыраған,
Жүр ұшып аралар да бал жинаған.
Қыз бала келе жатқан,көріп мені,
«Ойпырым-ай!»-деді,қысып көкірегі;
Бір сасып,бірде күліп,аң-таң қалып,
Көзімен жеп барады мені тегі.
Гиндукуш якындаймын жалба-жұлба,
Жыртылып біткен екен шапаным да,
Ақ шашым ұйпа-тұйпа көзге түскен,
Тіс те жоқ,жабағыдай сақалым да.
Ұялып,қысылсам да,сыр бермедім,
Даусым зорға шығып «қызым»,-дедім;
«Пендемін үнсіз-күйсіз жүрген қаңғып,
Шарладым талай жұрттың ізін»,-дедім.
«Егер бұл жұмақ болса,енгіз мені,
Жер болса,айтшы,қалқам,кімнің жері?»
Әлгі қыз келді ертіп бір жігітті,
Теңер ем тұлғасына тау бүркітті,
Қолында қаламы мен кітабы бар,
«Кімсің » -деп сауал беріп,жауап күтті.
Арыммен,адамдықпен турасынан;
«Қарағым,өзің кімсің –деп сұрадым,
Көз алмай сүйкімді жас тұлғасынан.
«Мен,әке-ау,Шарафжаның»,-дегенде ол,
«Балам»,-деп шырылдадым,қалтырап қол,
«Осы ғой Алтын қыстақ дейтұғын жер,
Келіппіз екеуіміз де,пәруәрдигер,
Сен қалай таптың мұны,жаным балам,
Келді ме сорлы шешең,тез жауап бер!»
Дегенше жиылыпты жұрт та ағылып,
Сөйледі балам мені аң-таң қылып:
«Әкетай,жыламашы,кел өзіңе,
Сіз тұрсыз туған жерде,сен сөзіме
Бұрынғы ескі қыстақ орнындасыз
Тау-тасы басылмай ма өз көзіңе.
Баяғы өзіміздің ескі лашық
Жұртын да осы қазір тұрсыз басып,
Жиырма жыл сіз кеткелі,көп адасып,
Бақытты,мейірбанды,бір ел бар деп.
Өткізіп өміріңді қажып,жасып.
Жерде де,жұлдызда да тұрған даяр
Бақыт жоқ,тәңір де жоқ сізді аяр.
Жалынып жоқты қайдан таба аларсың,
Адал күш,адал іспен жан марқаяр.
Сіз тұрсыз жеріңізде өзіңіздің,
Алдыңда жатқан жайнап көзіңіздің
Гүл бақша,сонау мақта,салтанатты үйІсіміз,еңбегіміз-осы біздің.
Халыққа құлай жаздап қорқу салған
Жартастар әлдеқашан талқандалған,
«Ойнағы жын-сайтанның»дейтін жерлер.
Айналды егіндікке,еңбек жанған.
Ырқына адамзаттың бір көнбеген
Айғырдай асау тасқын жүгенделген,
Көпір-ер салғаннан соң арқасына,
Ағатын болды ақыры,айтқан жөнмен.
Жуасып жарым сайтан,жарым тұлпар,
Ақыры,жөнге келді долы қиқар,
Сақалын үш айыра тарап тастап,
Секіріп бөгеттерден,болды бұрқар.
Ғажайып сансыз сәуле мың құбылған
Сиқырмен шыққан емес қараңғыдан.
Чанг мен рубаб сынды күй шалқиды
Ақ тамнан су үстінде ана тұрған.
Оның да сымдары бар-төгеді үн,
Тартады білетін жан оны бүгін.
Ән-күйдей құйылады нұр мен сәуле,
Жоқ,ешбір кереметі және мұның,
Сөзіме иланыңыз,жалған емес,
Бұл ара жұмақ емес,жан жоқ өлмес,
Көрдік біз көп қиындық;өлді шешем,
Басына ектім ағаш,өсті дербес...
Тым ауыр болды әрбір қадамымыз,
Біткен жоқ Алтын қыстақ-арманымыз,
Жолымыз алға апарар жатыр сайрап...
Жүр,әке,үйге барып,демалыңыз».
Осылай Шарафжаным деді маған,
Ілесті соңымыздан барлық адам.
«Боламыз бір тұратын бұдан былай,
Кілемге жантайыңыз,жайды балаң,
Киіңіз менің таза көйлегімді,
Тастаңыз бұл шапанды жалбыраған».
«Кетпенім қайда,балам? –дедім,-менің.
Жарамас қайыршыдай,бұл келгенім,
Қайда екен ескі шотым,бұл арада
Келіспес еңбек етпей сенделгенім.
Астыңда арғымағың отты ағын,
Жүйткисің,қайтып қарап отырамын,
Тот басқан кәрі серік кетпеніммен
Түртейін туған жердің топырағын;
Осылай болсын,балам,өлген жоқ қой
Екі қол қимылдаса көңіл тоқ қой!»
Түс емес мұның бәрі өңім аян,
Колхозы «Лениннің»болды саям!-
Деп едің,Рушанның бір қариясы,
Жазып ем,жырға айналды бұл хикаяң;
Өзімнен қосқаным жоқ ешнәрсені,
Айтқанын қалдырмастан еттім баян.
Тірегі тарихымның,сүйеніші,
Тәңірден,періден де басым күші,
Памирға мені апарған құдіретімен,
Ғасырлар абыройлы-қайырлы ісі,-
Жапырақ жаңартса да жылдан жылға,
Емендей өсе берер сол қалпында,
Өмірде көргені көп,өлмегі жоқ,
Халқың ғой бақытың да,қуатың да!