03.03.2022
176
* * *
Мен сүйем аспандағы алтын күнді,
Мен сүйем ауаменен ширатылып,
Құлаққа жылы тиген мұңлы үнді.
Мен сүйем сылдыраған салқын суды,
Судағы салқындаған үйрек, қуды.
Мен сүйем күн шығарда көтерілгенКөгілдір көк жібектей – көкшіл буды.
Мен сүйем ерікті- еркін таудың құсын,
Сайрасатын төрт бөліп түн ұйқысын.
Мен сүйемес дүниеде еш нәрсе жоқ.
Сүйемін табиғаттың барлық күшін.
Дүниеде сүймейін мен нені ғанаБәрі қызық өзіме, бәрі жаңа.
Сонда‑дағы осының бәрінен де
Артық сүйем дүниеде сені ғана.