СҮИЕМІН МЕН ИСПАНКАНЫ
Ғафу, қыздар, қызғанбаныз,
Сүйемін мен испанканы,
Махаббаты болған аңыз,
Бар ғой оның ұлы жаны.
Көріп пе едің Пиренейдің
Жазғы нұрлы атқан таңын,
Жылылығы сондай деймін,
Қара көзді испанканың.
Естіп пе едің бұлбұл үнін,
Балбыратқан гүл бақшаны.
Елжіретер ел жүрегін
Испанканың салған әні.
Қолда гитар, белде қанжар,
Міне осындай қызды көрдім.
Жүрегі ионың бірге соғар
Жүрегімен бүкіл елдің.
Гүл бақшада, нулы орманда,
Келе жатыр гитара ойнап.
Көз жіберер ол Отанға,
Туған елдің қамын ойлап.
Майдан десен, гитаран ол
Бір ағашқа іле салып,
Зор майданға сапа шегер
Білек түріп, мылтық алып.
Өжет сұлу қан майданға
Қаймықпастан кетер кіріп.
Фшист сынды қас-дұшпаенға
Қатулан салар бүлік.
Мұндай сұлу жігіттердің
Ынжығына қайтып тиер.
Намысы үшін туған елдің
Майданда өскен ерді сүйер.
Махаббаты қандай ыстық,
Қандай тәтті испанканың.
Жүректе серт айнымастық,
Жардай сүйер ол Отанын.
Ол махаббат идеалы
Құмар қылған Байрондарды.
Сүйемін мен испанканы,
Сүйемін мен сондай жарды!