03.03.2022
  152


Автор: Қасым Аманжолов

* * *

Көптен бері өзімнен кетті ерік,
Құпия сыр бойымды жүр меңгеріп.
Бір арудың тартады магниті,
Мен бір бейне металмын жүрген еріп.
Күндіз көлбеп өтеді көлеңкедей,
Түн ләззат ала алман түсте көріп.
Ұят деген бір қырсық болды бөгет,
Жүрегіме жүрегім болмай серік.
Енді қайтем, япырмай, болдым дел-сал,
Махаббаттан кетермін қайтып жеріп?
Ол перизат баспас па құмарымды,
Ақ құшағын ұсынып қолын беріп.
Тәәті ұйқыда жатқанда, жайлап қана
Таңғы алтын шолпандай төніп келіп?!
Февраль, 1938. Алматы





Пікір жазу