03.03.2022
  156


Автор: Қасым Аманжолов

САРЫБАЙҒА

Сырбаз досым сен едің ғой, Сырбайым,
Сырғытайын, сырымды мен жырлайын,
Сендей серік серуен құрып бір жүрсе,
Мен өмірде қалай мәңгі тұрмаймын.
Жаным құмар жан едім бір достыққа,
Болдық серік, жүрегіміз қостық та.
Қайран достық – дүниенің тұлғасы,
Жанымызды жолыңда біз тостық та.
Серігімсің, Сырбайымсың, ақыным,
Жақсылықпен күтші достық ақырын.
Жалқы жанмын жалғандағы мен жүрген,
Болшы досым, болшы құрбым , жақыным.
1948





Пікір жазу