03.03.2022
  129


Автор: Қасым Аманжолов

Өлді деуге болар ма

(Сүлейман Стальский қайтыс болғанда)
Дағыстанның даңқты,
Қайратты қарт бұлбұлы ең.
Сүйсіндіре халықты
Күй төгіп ең тіліңнен.
Ерте туып, кеш жасап,
Көпті көзбен көріп ең.
Көргеніңді әнге сап,
Жырға тізіп беріп ең.
...Сол өмірдің қарасы
Біржолата батқанда.
Қуанып адам баласы,
Бақыт таңы атқанда:
Көне көзің күлімдеп
Жүзіңде ойнап бақыт нұр.
Ой түбінен нөсерлеп
Ақтарылды шаттық жыр.
Қарт Кавказдың құзынан
Аса шапқан дүлдүл ең.
Бақытты өмір шыңынан
Ән шырқатқан бұлбұл ең.





Пікір жазу