meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  03.03.2022
  198


Автор: Қасым Аманжолов

* * *

Япырай, мына күннің райын-ай!
Төсектен тәуір болып тұрайын- ай.
Десем де қабағын бір қойды- ау ашпай
Ерегіскен, енеңді ұрайын- ай!
Шығайын ең болмаса бір күн деймін.
Азырақ ашылсаңшы, шіркін, деймін.
Түнерет әкесін мен өлтіргендей,
Бір сыбап аламын да, күркілдеймін.
1953





Пікір жазу