03.03.2022
172
ҚҰЗ
Қабағын түйіп құз тас тұр,
Төңірегіне парық сап,
Шыңында шулап құстар жүр,
Айнала ұшып шарықтап.
Кеудесі жалын қара бұлт,
Келеді төніп аспаннан.
Алып құз тас сұп-сұрғылт,
Жамылып шапан-боз тұман.
Шық моншақтап-шыпшып тер,
Сорғалайды жасы жүзінде...
Сол құзды көр де- мені көр,
Ойға бір шомған кезімде.