03.03.2022
181
![](/uploads/shorttexts/author_image/b4ad03932feed9d2fb0ea05b8c70f414.jpg)
СІБІР
«Сібір» деген жалғыз сөзден
Соғушы еді үскірік.
Анықтап бір көрмей көзбен
Бал ашыппыз түшкіріп.
Жер енесің, шіркін Сібір,
Жас өскендей жүгіріп,
Ер өскендей салып дүбір,
Қызды ауылда кідіріп.
Алтын жайлау, ата жұртым
Әкеткендей жерсің ыстық
Қыртысыңды сындырып.
1943