02.03.2022
389
Достар, қайда жүрсіңдер?
Достар, қайда жүрсіндер, қай майданда?
Мен де келе жатырмын малтып қанға.
Ең болмаса біреуің кездессең ед,
Ыстық, суық күндерде сағынғанда.
Күндер өтті, үңілдім сендерді іздеп,
Айлар өтті: «Көрмедік, білмейміз» деп,
Жылдар өтті, таппадым, қайдасыңдар?
Мені қуантсаңдаршы,- бірің кез кеп?
1945