02.03.2022
307
* * *
Сен- фашиссің, мен- қазақпын.
Сен айтқандай «азиатпын».
Сен аспаннан «жұлдыз қақтаң»,
Мен далада түйе бақтым.
Енді мынау қарайсың тек,
Дәрменің жоқ, көзіңмен жеп.
Арланасың, қорланасың,
«Тұтқын болдым тағыға» деп.
Егерде мен түссем қолға,
Қамар ең-ау темір торға.
Олай болмай, бұлай болды,
Біздің бақыт, сіздің сорға.
Сен- фашиссің, мен- қазақпын.
Сен айтқандай «азиатпын».
Таңқалдырсың, «философым»
Ғажабына табиғаттың.
1944